Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

АҚШ президенті Иранға қарсы экономикалық соғыс жариялады

14:22, 20 тамыз 2026
АҚШ Президенті Дональд Трамп Иранға қарсы ауқымды экономикалық операция басталғанын жариялады, деп хабарлайды Alash.KZ сайты. 
 
Бұл туралы ол 20 тамызда өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. 

Трамп бұл қадамды бұрын-соңды болмаған ауқымдағы «экономикалық соғыс және оқшаулау» деп сипаттады. Оның айтуынша, Вашингтон Тегеранға қарсы тарихтағы ең жойқын шектеулерді қолданбақ.
 
Сонымен қатар, АҚШ басшысы Иран билігімен серіктестік орнатқан немесе онымен бизнес жүргізетін кез келген мемлекетке «аса қатаң» санкциялар салынатынын ескертті. Ол Иран тарапынан төнетін қауіп-қатерді толықтай ауыздықтау үшін Американың барлық халықаралық одақтастарын бірлесіп әрекет етуге шақырды.
Сарапшылардың пікірінше, бұл мәлімдеме Ақ үйдің сәуір айында бастаған «Экономикалық қаһар» операциясы аясындағы қысым науқанының жалғасы болып табылады.
 
Бұған дейін АҚШ Иранның мұнай экспорты, теңіз тасымалы және қаржы секторларын шектеуге бағытталған бірнеше санкциялар пакетін енгізген болатын.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар