Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ұлдана Мырзуанның қазасы: Сотталушы тараптың адвокаты судьяға неге қарсылық білдірді?

11:26, 20 тамыз 2026

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында өтіп жатқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты сот процесінде қорғау тарапы судьяға қарсылық білдірді, деп хабарлайды Alash.kz.

Бүгінгі сот отырысына сотталушы Сауле Жубаниязованың екінші адвокаты Асхат Әлімов қатыса бастады. Процесс басында ол қылмыстық іс материалдарымен толық танысып шығу үшін сотты кейінге қалдыру жөнінде өтінішхат түсіргенімен, сот бұл өтінішті қанағаттандырмады.
Осыдан кейін адвокат Асхат Әлімов төрағалық етуші судья Меруерт Абаеваға қарсылық (отвод) білдірді.
Туындаған жағдайға байланысты сот отырысында уақытша үзіліс жарияланды. Төрағалық етуші судьяға білдірілген қарсылық мәселесін басқа судья немесе сот төрағасының міндетін атқарушы қарап, шешім шығаратын болады.

Орын алған жағдайға қатысты судья Меруерт Абаева: «Осы сот отырысында қарсылық білдірілгендіктен, қорғау тарапында төрағалық етушіге қарсылық білдіруге негіз бар. Сондықтан қарсылықты қарап, шешу үшін сот отырысында үзіліс жарияланады», - деп түсініктеме берді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар