Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қызымды тани алмадым" - сотта Ұлдана Мырзуанның анасы неге жылады? (ВИДЕО)

14:53, 20 тамыз 2026

Марқұм фельдшердің анасы Салима Омарова қызының өліміне қатысты іс бойынша сотта куәлік берді. Анасы сотта қызы қайғылы жағдайға тап болған күн туралы айтып берді, деп жазады Alash.KZ.

Оның айтуынша, Ұлдана әрбір шақыртудан кейін оған қоңырау шалып, сөйлесіп тұрған.

«Маған құдағиым – Әділеттің анасы хабарласты. Дауысынан қобалжу сезілді, содан бір жамандықты сезгендей болдым», - дейді Ұлдананың анасы.

Сондай-ақ ол Астанаға жетіп, аурухана палатасына кіргенде, қызын тани алмағанын айтты.

«Бұл түсім деп ойладым. Тіпті, қасымда жатқан өз қызымды тани алмадым. Ол жерде бірнеше адам болды. Қызыма барлық айтқым келген сөзімді айтып, оны сүйгім келді», - деді ол.

Әйелдің жағдайын ескере отырып, судья үзіліс жариялады. Сот отырысы бүгін сағат 15:00-де жалғасады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар