Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Босқын қырғыз-қазақтардың жәрдемге қандай мұқтаж екендігі өзгеден бұрын зиялыларға белгілі...

01:32, 05 мамыр 2024 485

ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНА (Босқын қырғыз-қазаққа жәрдем)

Босқын қырғыз-қазақтардың жәрдемге қандай мұқтаж екендігі өзгеден бұрын зиялыларға белгілі. Жалпы жұрт қолдан келген көмегін аямас. Жұртқа басшылық ету үшін һәм босқын қырғыз-қазақтарға жәрдемімізді күшейту үшін, мәслихат көрсеңіздер, мынадай жол айтқымыз келеді.

Мал бағып, тіршілік еткен қара шаруадан басқа оқыған зиялылар аз емес. Бұлардың бәрі де айлап белгілі жалование алады, мысалы - қазіргі толып жатқан ұлылы-кішілі комитет яки управа ағзалары, комиссарлар, милитсия бастықтары, шенеуніктер, ушителдер, мұғалімдер, қазилер, мұһтасиптер, моллалар, газетшілер, инструкторлар, приказшылар, конторшиктер, докторлар, фелдшерлер, судиялар, адвокаттар, тағы-тағылар.

Міні бүкіл қазақ зиялылары болып, айында алатын жалованиіелерінің 5 %-ын яки сомына 5 тиыннан босқын қырғыз-қазақтар пайдасына беріп отыратын болсақ, көп ақша жиылар деп ойлаймыз.

«Берушіге бесеу көп» деген мақал болса, 5 тиын ауыр болмаса керек. Осы хатқа қол қойғандар ноябір айынан бастап жалованиеміздің 5%-ын "Қазақ" басқармасына тапсырып отырамыз.

Ғали хан, Миряғқұб, Ахмет Бірімжанов,

Ахмет Байтұрсынов, Жанұзақ Жәнібеков,

Елдес Омаров, Файзолла Ғалымжанов,

Ахмед Мәметов, Бірмұхамед Сейсекенов,

Есен Тұрмұхамедов, Хамид Жүндібаев,

Шәкіржан Мұхамедшәріпов.

 

«Қазақ» газеті, №2509, 1917 жыл. Орынбор қаласы

Дереккөз: Бөкейхан Ә. Шығармалары. X том.-Астана, 2018

Alash.kz ұлттық порталы

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар