Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бортников «Крокустағы» теракт үшін Украинаның арнайы қызметін айыптады

17:10, 26 наурыз 2024 517

Ресейдің ФСБ директоры Александр Бортников Украинаның барлау агенттіктері "Крокус Сити Холдағы терактқа ықпал етті, ал ол терактты радикалды исламистер дайындады" деп мәлімдеді.

– Украинада "террористерді күткен" деген ақпарат пысықталып жатыр. Қазір осы қырғынға қатысқандардың бәрін анықтау үшін жұмыс істеліп жатыр. Ресейде, шетелде жүргендерді де анықтау ісі бар. Террористер қашса, демек құтылып кетпек болған. Мен бір құпияны ашайын - ол жақта бұларды батырлардай күткен. Менің бұл айтқаным, қалай айтсам - солай жетсін, – деген Бортниковтың сөзін Ресей БАҚ-тары таратып жатыр.

Бұған дейін Украина президенті кеңсесінің кеңесшісі Михаил Подоляк Украинаның «Крокус Сити Холл» кешеніндегі террористік шабуылға қатысы жоқ деп мәлімдеген еді. Батыс елдері де Ресейге “Крокустағы” оқиға Украинадағы соғысты үдетуге себеп болмауы керектігін Ресейге ескерткен.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар