"Ырыскелді қажы" мешітінің бас имамы Нұрлан Байжігітұлы қоғамда жиі талқыға түсетін "махр" тақырыбы жөнінде өз пікірін білдірді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Қазақта "қалың мал" десе, арабтар "махр" деп айтады. Бәрібір айналып келіп, сол қызға беріледі. Кейбір жастарымыздың арасында "махр" мен "қалың малды" шатастырып жүргендер бар. Ұл тараптан қыз тарапқа үйлену мақсатымен берілген және ол құнды болған дүние қазақша "қалың мал" деп айтылады. Қалың малдың арабшасы - "махр". Екеуін де ала алмайды. Тек біреуі ғана. Тарихта Омар Халифа қасындағы сахабаларымен ойланып, "Жастарға үйлену оңай болсын. Махрді шегелейік. Дәрежесін төмен түсіріп, бір деңгейге қояйық" деген сөз айтқан. Халық оған келіскен. Елге хабарлаған кезде жасы келген кісі келіп, "Әй, Омар! Құдай шектеу қоймағанға сен шектеу қоятындай кім едің?!" деген екен. Сонда Омар сөзінен бастартыпты. Шамасы жеткен адам берсін! Неге сіз қиналуыңыз керек? Неге қарызға батуыңыз керек? Шамаң жетпесе, жаныңды қинап, ешкім жұлып алмайды ғой. Біздікі - соқыр намыс! Әшейін, "атым шықсын!" деген дүние.