Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бізді сыйламайды: Трамптың ашуына тиген Зеленский тың дерекпен бөлісті

09:54, 03 наурыз 2025 3111

Зеленский АҚШ-пен қарым-қатынасын сақтап қалуға үміттенетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.

Украина президенті Владимир Зеленский жексенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамппенқарым-қатынасты сақтап қалуға болатынын, бірақ келіссөздерді жабық есік жағдайында жалғастыру қажет екенін мәлімдеді.

Лондонда еуропалық көшбасшылармен өткен саммиттен кейін журналистермен сөйлескен Зеленский АҚШ Украинаға көмекті тоқтатпайды деген сенім білдірді.

Оның айтуынша, “өркениетті әлемнің көшбасшылары” Ресей президенті Владимир Путинге қолдау көрсеткісі келмейді”.

Алайда Украина президенті кез келген қиындықтарға дайын екенін айтты.

“Біздің қарым-қатынасымыз жалғасады деп ойлаймын. Мұндай мәселелерді толық ашық талқылау дұрыс емес. Бізбен серіктес елдер үшін бұдан ешқандай пайда немесе қосымша артықшылық болмайды”, – деді Зеленский.

Сондай-ақ, ол АҚШ-пен пайдалы қазбаларды жеткізу жөніндегі келісімге қол қоюға дайын екенін және бұл мәселеде Вашингтон да мүдделі болуы мүмкін екенін атап өтті.

НАТО-ға мүше болу туралы сұраққа жауап бере отырып, Зеленский:

“Мені НАТО-ға айырбастауға болады. Егер мен мүшелікке қол жеткізсем, демек, миссиямды орындадым” – деп мәлімдеді.

Дегенмен, ол өз орнына лайықты балама табу қиын болатынын айтты.

“Жай ғана сайлау өткізу жеткіліксіз. Мені сайлауға қатыстырмау керек. Бұл әлдеқайда қиын, өйткені бұл үшін менімен келіссөз жүргізу қажет”, – деді Зеленский.

Лондонда өткен ЕО-ның шұғыл саммитінде Еуропа көшбасшылары Зеленский мен Украинаны толық қолдайтынын білдірді.

Еске салсақ, 28 ақпан күні, жұмада, Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трампжәне вице-президент Джей Ди Вэнспен көпшілік алдында дауласқаннан кейін Ақ үйді мерзімінен бұрын тастап кеткен.

Трамп Зеленскийді “АҚШ-ты сыйламайды және бейбітшілікке дайын емес” деп айыптады. Кейіннен көптеген еуропалық көшбасшылар мен ЕО басшылары Зеленскийге ашық қолдау білдірді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар