Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бізді бұл күйге салған тұрмыс па?: Қайрат Нұртастың жары сезім туралы сөз қозғады

12:40, 21 шілде 2026

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова сезім, махаббат туралы сөз қозғап, елге күмән тудырды, деп хабарлайды  Alash.kz.

Ол бұл туралы өзінің инстаграм парақшасында жазды.

"Сезім бір күнде сөнбейді. 
Айтылмай қалған бір сөзден, қойылмай қалған бір сұрақтан суына бастайды.
Енді мен: 
“Қашан келесің?”
“Кешкі асқа не жегің келеді?”
“Шаршадың ба?”- деп сұрамаймын.
Енді сен:
“Мені сағындың ба?”
“Қолшатырыңды алдың ба?”
“Неге күлмейсің?”-деп сұрамайсың.
Көздеріміз ашық, бірақ, онда сәуле жоқ. Жүрегіміз соғып тұр, бірақ, бір-біріміз деп емес. Неге? Бізді бұл күйге салған тіршілік пе, әлде тұрмыс па? 
Немқұрайлық… 
Құтқара аламыз ба?", - деп жазды ол. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар