Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Маған әке болыңызшы: Ердоған өзіне хат жазған оқушының жиналысына “әкесі” боп барды

08:37, 21 шілде 2026

Асылхан Бөрібай есімді желі қолданушысы өзінің Facebook парақшасына Түркия мемлекетінің президенті Ердоғанның жүрек жылытар ісін жазып, жұрттың жүрегін елжіретті, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Ол өз сөз басында Ердоғанның мықтылығы халық алдында сөйлеген сөзінен көрінбейтіндігін айтты.

Ердоғанның мықтылығы кейде үлкен мінбердегі сөзінен емес, алақандай жүрегінен көрінеді. Желіде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен әкесінен айырылған Саулан есімді оқушы туралы тараған әсерлі әңгіме талай жанға ой салды. Мектепте әкелер жиналысы өтетінін естіген Саулан кімді шақырарын білмей қиналады. Содан бала көңіліне тосын ой келіп, ел президентіне хат жазады. Ердоғаннан жиналысқа әкесінің орнына қатысуын сұрайды. Мұғалімі хатты жіберуге уәде бергенімен, мемлекет басшысының жұмысы көп екенін, келуге уақыты табылмауы мүмкін екенін ескертеді. Сондықтан жиналыс күні ешкім ерекше қонақ күтпеген.  Белгіленген уақытта сыныптың есігі ашылып, ішке Ердоған кіріп келеді. Ол бүгін мұнда президент ретінде емес, Сауланның қамқоршысы әрі әкесі ретінде келгенін айтады. Сол сәтте кішкентай баланың жанарындағы мұң қуанышқа айналып шыға келеді. Бір балаға жасалған жақсылық бүкіл әлемді бірден өзгерте қоймас. Бірақ сол күні Сауланның көз алдында әлемнің өзі мейірімді болып кеткені анық. Нағыз биіктік лауазыммен өлшенбейді. Кейде мемлекеттің ең қуатты басшысы болу үшін бір баланың жүрегіне әке болып кіре білу жеткілікті”,- деп жазды ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар