Астанада әскердегі зорлық-зомбылық туралы ойдан шығарылған оқиғаны желіде таратып, ақша жинаған 23 жастағы азамат алаяқтық пен көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Alash.kz.
Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, сотталған азамат Threads әлеуметтік желісінде өзінің әскерде болған кезінде жыныстық тиісу мен зорлық-зомбылыққа ұшырағаны жайлы шындыққа жанаспайтын жазба жариялаған. Ол шетелге қоныс аудару үшін оқырмандардан қаржылай көмек сұраған.
Әйгіленген мәліметтерге сәйкес, бұл азамат ешқашан әскери қызмет өткермеген, ал ойдан құрастырылған оқиға тек ақша жинау тәсілі ретінде пайдаланылған. Соған қарамастан, екі күн ішінде көрсетілген банк шотына қомақты қаражат түсіп үлгерген.
Тәртіп сақшылары жазба авторын наурыз айында құрықтаған болатын. Әскердегі қысым туралы мәлімдемелері жоққа шығарылғаннан кейін оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілді.