Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Түркияда қазақстандық әйелді зорлап, тонап кеткен

12:03, 21 шілде 2026

Қазақстандық әйел Түркияда зорлық-зомбылыққа ұшырап, тоналғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Түркияның Аланья қаласында демалып жүрген Қазақстан азаматы өзін жыныстық зорлыққа ұшыратып, ұялы телефонын тартып алғанын айтып, полицияға шағымданды.

Алдын ала мәліметке сәйкес, оқиға 16 шілдеге қараған түні болған. Әйел сол түні бір ер адаммен танысып, кейін екеуі қонақүйге барған. Біраз уақыттан кейін ер адам қонақүйден кетіп қалған.

Осыдан кейін қазақстандық әйел полицияға арызданып, жаңа танысының өзіне жыныстық зорлық көрсеткенін және ұялы телефонын алып кеткенін мәлімдеген.

Оқиғаға байланысты жүргізілген тергеу барысында күдікті ретінде Сирияның 24 жастағы азаматы ұсталды.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі әзірге аталған оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар