Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Жұмысты күшейтуді тапсырамын”: Бектенов электр қуаттау стансалары желісін дамыту қажеттігін айтты

12:50, 21 шілде 2026

Олжас Бектенов электр қуаттау стансалары желісін дамыту үшін халықаралық компанияларды тарту жөнінде тапсырма берді, деп жазады Alash.kz.

Үкіметтің мәліметінше, Мемлекет басшысы электромобильдер инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында Премьер-министр Олжас Бектенов электр қуаттау стансалары желісін дамыту үшін ірі халықаралық компанияларды тарту жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды. 

Тиісті инфрақұрылымды одан әрі кеңейтіп, жаңа инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау қажеттігі атап өтілді.

«Халықаралық энергетика агенттігінің деректеріне сәйкес, 2030 жылға қарай электромобильдердің әлемдік автокөлік сатылымындағы үлесі 40%-дан асады. Жаһандық автоөнеркәсіп саласы да белсенді түрде электр жүк көліктерін пайдалануға көшуде. Бүгінде еліміздің негізгі күре жолдарының бойында электр көліктерін қуаттайтын 70-ке жуық станса жұмыс істеп тұр. Жақында Car Park Transformer компаниясымен 2030 жылға дейін жол бойында сервистік қызмет көрсетуге арналған 250 станса салу бойынша инвестициялар туралы келісім бекітілді. Алдағы уақытта да жаңа инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасай отырып, тиісті инфрақұрылымды белсенді дамыту қажет.

Көлік министрлігіне Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп, электр қуаттау стансалары желісін дамыту үшін ірі халықаралық компанияларды тарту жұмыстарын күшейтуді тапсырамын», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар