Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ашық сот бола ма?». Нұрай Серікбайдың қазасы: Адвокат маңызды ақпарат айтты

15:32, 21 шілде 2026

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау өтуі тиіс болған еді, деп хабарлайды Alash.kz.

Сот процесі барысында сотталушы Шерхан Аймаханның өкілі өзінің қорғауындағы азаматтың ашық сот талқылауын өткізуге, сондай-ақ фото және бейнежазба жүргізуге үзілді-кесілді қарсы екенін білдірді. Сонымен бірге қорғаушы тарап бұл істі алқабилердің қатысуымен қарауға да келіспейтінін жеткізді.

Бұған жауап ретінде жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров тікелей трансляциясы бар ашық сот тыңдауын ұйымдастыру туралы өтінішхат түсірді. Ол аталған қылмыстың қоғамда үлкен резонанс тудырғанын, ал бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуы мен ашық сот процесі сотқа ешқандай қысым жасамайтынын, керісінше сот төрелігінің әділ әрі ашық жүргізіліп жатқанын дәлелдейтінін меңзеді.

Нәтижесінде сотталушының денсаулығы күрт начарлауына байланысты оның қорғаушысы арнайы мәлімдеме жасап, судья тыңдауды кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар