Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Бізде әлемді 150 есе жарып жіберуге жеткілікті ядролық қару бар”: Трамп шұғыл мәлімдеме жасады

11:11, 03 қараша 2025 531

“Бізде әлемді 150 есе жарып жіберуге жеткілікті ядролық қару бар”. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп CBS арнасына берген сұхбатында айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Дональд Трамп АҚШ-тың ядролық сынақ жүргізетінін растады.

“Бізде басқа елдерге қарағанда ядролық қару көп. Ресей екінші орында. Қытай үшінші орында, бірақ бес жылдан кейін ол қуып жетеді. Білесіз бе, олар қаруды өте жылдам шығарып жатыр және менің ойымша, біз ядролық қарусыздану мәселесінде бірдеңе істеуіміз керек. Бізде әлемді 150 есе жарып жіберуге жеткілікті ядролық қару бар.

Ресей сынақтан өткізіп жатыр, Қытай сынақтан өткізіп жатыр, бірақ олар бұл туралы айтпайды. Білесіз бе, біз ашық қоғамбыз. Біз басқашамыз. Біз бұл туралы айтамыз, - деді Дональд Трамп.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар