Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Біз Қазақстанда халифат құрамыз, қарсы шыққанды өлтіріп кетеміз дегендер көбейді". Журналист тиктоктағы жағдайды ашып айтты

13:28, 22 қараша 2024 561
Журналист Ардақ Құлтай қоғамдағы дін еркіндігіне қатысты жазба жариялады. Автордың айтуынша, "атейиспін деген адамды "жұмыс орнына барып, кешірім сұратайық", "бүйтіп кетем","сөйтіп кетемін", "өлтіремін" деушілер көбейген". Бұл жайлы Alash.kz ұлттық порталы жазды.
 
Журналист Ардақ Құлтай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында діндарлардың қысым көрсететіні жайлы жазды.
 
Тиктокқа контент жасап жүргенімді білесіздер. Бір жылдан аса уақыт өткенде эфирге кіре бастадым, ол жақта видеоға монетизация жоқ, бірақ эфирге кіріп отырғанда сыйлық атып, солай қолдау алуға болады екен. Содан кірмеймін бе. Басы жақсы басталған, ал енді сұмдықтың көкесі қазір көрініп жатыр.
 
Өзімнің ғана емес, өзгенің де эфирлерін қарай бастадым. Әйтеуір айтыс-тартыс. Түсінбейтінмін, мыналар ел мәселесін шешіп, талқылап жатыр ма десіп. Жоқ, дін екен айтқандары. Маған да келіп "дінің қайсы?", "мұсылмансың ба?", "руың кім?", "е қазақсың ба?" дей бастады. Өзім дінімді, руымды айтуды, жеке шаруамды айтпайтынмын. "Қоя салайық" дейтінмін.
 
Сосын басталды: Ысқақ деген жігіттің әңгімесін тыңдай бастадым. "Құдай жоқ" деп жазып, эфирге кіреді. Бастапқыда, мына кісі дауды қалап отыр ма екен деп, ал бірде не айтар екен деп қарадым. Кәдімгі өзімнің сұрақтарым, өзімнің ойым. Мысалы құдайды дәлелдеуге бола ма? Дәлелдей алмасаң, жоқ екеніне дәлел керек пе? Әдемі әңгіме. Ал сол кісінің эфиріне иррационалдық дүниені дәлел, аргумент сияқты рационал ұғымдармен түсіндіргісі келетіндер кіріп, опық жеп шыққандарды көрдік.
 
"Өзім не дер едім?" деп ойладым. "Жоқ, құдай болса, сенімінде, ал сенім ғылым емес, оған сенім категориясында ғана қарау керек" дедім. Аса қызық жауап болмағасын, эфиріне сұранбадым. Ал кейін келе әлгі "мұсылманбыз" деп кіргендер бұл жігітке кәрін төгіп, "өлтіріп кетеміз", "әйтіп-бүйтіп кетеміз" дегенде тартынып қалдым. Әй, бұл қай сасқаның? Сөйтсем, бұл әбден күйіп, намысы қажалып, о заманда бұ заман, дінін қорғап жүргендер екен! Сонда өзге адам дініңе сенбесе, бұл дініңе тиіспеу болып, ал өзің исламофоб болып шыға келеді екенсің! Риторикасына қарасаң, ҚМДБ-ға қайшы келетін қағидат. "Жат ағым" деп олар сияқты артық кетпейін, бірақ ел арасына іріткі осы жерден басталатынына дәлелім бар... 
Кейінннен автор дін өкілдерінің "сойқан жоспары" жайлы жазды:
 
Енді шыжығына келдік, осылай әрбір мәселе бойынша тартысқа келіп жүрген "Бөгенбайдың ағасы" дей ме, "Азамат" дей ме, "Креационист" дей ме, әйтеуір осы мұсылмандықты қорғап жүрміз деп ойлайтын фейк аккаунттар бар. Солар кеше Ысқақ деген атейист жігіттің суретін таптық деп оны парақшасына салып, елді әлдеқандай қылып кетуге үгіттеп отыр. Жазылған өшпенділік пен эмоцияда шек жоқ. Ата жауы қазақтан шыққан бір атеист болып шығыпты!
"Мектепте істейді екен, барып тұрып кешірім сұратамыз" деп отырғандар бар. Енді ҚР ҚМДБ өкілдері бұған не дейді екен? Асыл дінді сонша қорғаймыз деп қорлап отырған, радикал әрекеттерге көшіп кететіндерге кім артынан күш беріп отыр? Бұған тоқтау бар ма? Әлде жастары Таяу Шығыстың ұрандарына ұрынғыш елде сол күйі демократиялық құндылықтарға жете алмай кетеміз бе? Әуелі заңдарды қарап алыңыздаршы:
 
Конституция, 14-бап: Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.
 
Қылмыстық кодекс, 115-бап. Қорқыту
Қылмыстық кодекс, 147-бап. Жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу.
Ал енді соңғысы: жасы 60-қ келіп қалған Амангелді деген аккаунт иесі "Ертең бәрің жизияқ төлейтін мүшрік боласыңдар, ал біз Қазақстанда халифат құрамыз" дейді. Аңсайтындары қызыңды күң қылып, ұлыңды мінезінен айырылған құл қылу. Шариғатты аңсайтындар көп, ал бұл біздің мемлекет құрылымына қарсы экстремизм емей не? - деп жазды журналист. 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар