Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Біз Донбассты Ресейге беру жайлы талқылаған емеспіз. Қырғын тоқтасын” - Трамп

12:14, 20 қазан 2025 90

АҚШ президенті Дональд Трамп Украина-Ресей соғысы жайлы маңызды мәлімдеме жасады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

 “Біз Донбассты Ресейге беру дегенді талқылаған емеспіз. Жоқ, ешқашан талқы болған емес. Біз тараптар қазір майдан шебінде қай тұста тұр, сол жерде тоқтасын дейміз. Қалған мәселенің бәрі өте күрделі. Сендер мынаны, біз мынаны алайық деу өте қиын. Олар дәп қазір майдан шебі бойынша тоқтауы тиіс. 

Қазір Донбасс екіге бөлінген. Оның 78 пайызын Ресей басып алды. Қазір қалай бар, солай қалсын. Кейін бір келісім жасай жатар. Ал дәп қазір олар ұрысты майдан шебі бойынша тоқтатсын. Соғыс тоқтасын. Қырғын тоқтасын. Сарбаздар үйлеріне қайтсын”, - деді Трамп.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар