Астанадағы «Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында» қазақ күресінен ХV республикалық «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы анықталды, деп жазады Alash.KZ.
Ақтық сында Марат Байқамыров пен Ерасыл Қажыбаев белдесті. М.Байқамыров қарсыласынан айласын асырып, жеңісті қанжығасына байлады.
Жарыстың қорытындысы бойынша Марат Байқамұров алтын, Ерасыл Қажыбаев күміс, Нұрдәулет Жарылғапов қола жүлдеге ие болды.