Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шотындағы ақша айналымы 2 миллион теңгеден асқан қазақстандықтарды салық органдары тексереді

19:02, 18 қазан 2025 1103

Ұлттық банктің басқарма төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов азаматтардың шотындағы ақша қандай жағдайда салық органдарының назарына ілінетіні туралы айтты, деп жазады Alash.KZ.

Оның сөзінше, азаматтардың шоттарындағы қаражат қозғалысы туралы ақпарат салық органына тек мына жағдайларда ғана беріледі:

Бірінші, жеке тұлғаның шотына әртүрлі жіберушілерден 100-ден астам ақша аударымы тіркелсе;

Екінші, шоттағы қаражат айналымы 2 миллион теңгеден асса;

“Жалпы алғанда, егер бұл жағдайлар тіркелмесе, жеке тұлғалар туралы ешқандай ақпарат берілмейді”, – деді Ұлттық банк басқарма төрағасының орынбасары.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар