Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Немерелерімнің алдында әр сөзімді байқап айтуға тырысамын" – Нұрлан Өнербаев (ВИДЕО)

19:23, 19 қазан 2025 370

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал әнші Нұрлан Өнербаев бала тәрбиесіне қатысты өз ойын айтты, деп жазады Alash.kz.

Нұрлан Өнербаев "Ашық аспан астында" бағдарламасына берген сұқбатында тәрбиенің мәні жөнінде айтып берді.

"Мен немерелерімнің алдында әр сөзімді байқап айтуға тырысамын. Себебі бала бәрін тез қабылдайды. Менің атам да солай дейтін. Тәрбие, әсіресе ұлттық тәрбие – отбасынан басталады. Тілге, тарихқа, дәстүрге деген құрмет ең алдымен үйден қалыптасуы керек", – деді өнер иесі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар