Ақтау маңында апатқа ұшыраған "Әзербайжан әуе желілері" (AZAL) компаниясының Embraer 190 ұшағының жолаушысы Нурулла Сираджов өмірден өтті, деп жазады Alash.kz.
Загатала тұрғыны Нурулла Сираджов 18 қазан күні таңертең өз үйінде көз жұмған.
2024 жылдың 25 желтоқсанында ол жұбайымен бірге Грозныйда тұратын ұлын көруге бара жатқан кезде ұшақ апатқа ұшырап, ерлі-зайыптылар ауыр жарақат алған.
Белгілі болғандай, ер адам қатерлі ісікпен сырқаттанып, Грозныйға осы дертке байланысты ота жасатуға бара жатқан. Алайда апат салдарынан жоспарланған операция өтпей, Сираджов жарақаттарымен бірге Бакудегі ауруханаға жеткізілген.
Апаттан кейін ол алған жарақаттарынан айыққанымен, дертін жеңе алмады.