Әнші, актриса Кәмшат Жолдыбаева жан сырын ақтарып, сахнадан не себепті көрінбей кеткенін айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Өнер иесі Instagram парақшасында оқырмандарының сұрақтарына жауап беріп, күйеуі, актер Ғазірет Ержановпен қалай танысқанын айтты.
«Иә, біз «Рауза» сериалында таныстық. Сол кездегі таныстық өміріміздің жаңа кезеңіне жол ашты», - деді актриса.
Кәмшат Жолдыбаева кино әлемінен неге алыстап кеткенін түсіндірді.
«Шүкір, шақыртулар аз емес. Бірақ қазір киноға түспеуімнің өз себебі бар. Киноны сағындым, ал кино мені сағынған шығар. Бір күні біз қайта кездесеміз», - деп жазды актриса.