Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Тойға дайындалған. Жігіті мәйітін үйінің жертөлесіне тастап кеткен”. Қаскелеңде 21 жастағы қыздың өлімі жайлы сұмдық дерек шықты

09:05, 20 қазан 2025 454

Алматы облысында 21 жастағы қыздың өлімі бойынша күдікті ретінде оның жігіті ұсталды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Бойжеткеннің мәйіті екі күн бұрын өз үйінің жертөлесінен табылған.

Қайғылы жағдай Қаскелең қаласында болған. Көршілерінің айтуынша, бойжеткен жігітімен кездесуге шыққан бойы үйіне қайта келмепті. Ертесі анасы іздеу салып, полицияға хабарлайды.

Маңайдағы камералар тексерілген. Марқұмның мәйітін сол күні түнгі сағат үш шамасында әлдекім сүйреп әкеліп, үйінің жертөлесіне тастап кеткен көрінеді. Күдікті ретінде деп 20 жастағы жігітпен марқұм бес жылдай кездесіп жүрген. Көршілерінің айтуынша, екі жақ етене араласып, тойға да дайындалған. Қазір осы жағдайға қатысты полицейлер тергеу жүргізіп жатыр.

— Жігіті екен ғой деп айтып келгенді естідік. Шынын білмейміз, кім екенін. Ашық қыз болатын, сөйлесіп, амандасып кететін. Сонысын ғана біледі екенбіз,- Роза Қалбекова КТК арнасына берген сұхбатында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар