Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Биыл медицина саласына 2,6 триллион теңге бөлінеді

06:30, 07 ақпан 2024 252
Биыл Қазақстанда медицина саласына 2,6 триллион теңге бөлінеді. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлім етті.

Тоқаевтың айтуынша, бұл салаға бөлінер қаржы көлемі артқанмен, сапасы әлі де сын көтермей тұр.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің іске қосылғанына бес жыл болды. Содан бері бұл саланың бюджеті 2 есе артты. Биыл 2,6 триллион теңге бөлінеді. Алайда, медициналық көмектің сапасы айтарлықтай жақсарды деп айтуға болмайды. Көптеген қызмет әлі де қолжетімді емес, деді президент. 

Сондай-ақ, алдағы уақытта аталған сала қатаң бақылауға алынатынын айтты.
Бұдан бөлек, көп жағдайда ресурстар тиімсіз жұмсалады. Соның салдарынан бұл салаға қосымша қаржы бөліп, бюджетке салмақ салуға тура келеді. Үкімет медициналық сақтандыру жүйесінің қызметін қатаң бақылауға алуы керек. Бұл жүйе қарапайым әрі түсінікті болуға тиіс, деді президент. 

Фото: Pixabay
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар