Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

300 мыңнан астам бала ұлттық қордағы қаражатын ала алады

08:57, 12 ақпан 2024 328
«Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында 2024 жылы 304 815 бала аталған қаражатты пайдалана алады. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі мәлімдеді. 

Қаржы министрлігі Бюджеттік кредиттеу, ҚР Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментінің директоры Айбол Арғынғазиновтың мәліметінше, Ұлттық қордың соңғы 18 жылдағы қалыптасқан орташа инвестициялық кірісінің мәні 695 519 269 АҚШ доллары сомасындағы қаражат 6 919 131 балаға теңдей бөлініп, әрбір баланың есепшотына 100,52 АҚШ доллары мөлшеріндегі нысаналы салым түсті.

«304 815 бала осы қаражатты 2024 жылы пайдалана алады. Қазіргі таңда салалық министрліктердің бұйрықтарымен қаражатты білім алу мен тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін пайдалану тәртібі айқындалған», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар