Украина президенті Владимир Зеленский Франция президенті Эммануэль Макронмен кездесіп, маңызды мәлімдеме жасады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
- Эммануэльмен бірнеше сағат сөйлестік. Біраз мәселені қамтып үлгердік. Ең басты мәселе - соғысты тоқтату бойынша келіссөздер және қауіпсіздік кепілдігі. Бейбітшілік шын мәнінде тұрақты әрі ұзақ болуы керек. Соғыс неғұрлым тезірек аяқталуы тиіс. Ол үшін әрбір лидердің белсенді жұмыс істеуі керек. Бүгін өзге де лидерлермен сөйлесеміз, - деді Зеленский.