Актриса Әлия Әнуарбек тұрмыс құрмақ. Қуанышты хабарды Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова Tik Tok желісіндегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды ALASH.KZ.
«Сүйінші, ағайын! Әлия Әнуарбек Торғай елінің келіні атанбақ», — деп жазды ол.
«Дұрыс, күйеуінің қайтыс болғанына біраз болды. Әр адам бақытты болуға лайықты»,»Кино сияқты, бұл қыз әлі бірінші күйеуін ұмытпаған», «Бағы жансын, бірақ неге көңілсіз», «Жаным, жабырқап тұр ғой», «Марқұм күйеуін ойлап тұр», — деп жазды олар.
Алайда бұл кадрлар фильмнің бір бөлігі болуыда мүмкін. Желіден актрисаның «Бақыт құшағында» атты фильмге түсіп жатқанын байқауға болады.