Желіде қызу талқыға түскен Дубайдағы қазақстандықтардың пәтерлері туралы ақпаратқа қатысты Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев Alash.kz ұлттық порталының тілшісіне өз пікірін білдірді.
Дубайдағы зымыран түскен Fairmont The Palm резиденциясында қазақстандық шенеуніктер мен олардың туыстарына тиесілі 97 пәтер анықталды.
«Тізімді қарасам, барлығы бұрынғы шенеуніктер екенін байқауға болады. Иә, 97 пәтердің барлығын бірден «жемқорлық» деу қиын шығар. Бірақ мен өз басым мынаны түсінбеймін. Сен өмір бойы мемлекеттік қызметте жүріп, 20-30 жылдық тәжірибеңмен Дубайдан үй алсаң - бұл мен үшін қисынға келмейтін нәрсе. Бұның артында бәрібір бір шикілік бар», - деді депутат.
Еске салайық, бұған дейін журналист Манас Қайыртайұлы қауіпті аймақта қалған пәтерлер иелерінің, оның ішінде шенеуніктердің тізімін жариялаған еді.