Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Баршаңызға жұғысты болсын»: Жұлдыз Әбдікәрімова қоныс тойға әкелген бағалы сыйлықтарын көрсетті (ВИДЕО)

20:54, 03 наурыз 2026

Актриса Жұлдыз Әбдукәрімова Астана қаласындағы жаңа пәтерінде өткен қоныстойдан кейін өнердегі әріптестері мен жақындары тарту еткен сыйлықтарға шолу жасады, деп жазады Alash.kz. 

Шоу-бизнес өкілі әлеуметтік желідегі оқырмандарына қонақтардың ықыласы мен сый-сияпаттарын бейнежазба арқылы таныстырды.

Жуырда өткен мерекелік дастарқанда Айгүл Иманбаева, Ләйлә Сұлтанқызы және Гүлнұр Оразымбетова бастаған танымал тұлғалар қонақта болған еді. Өнер иесі дайындық пен қонақ күту жұмыстарына байланысты сыйлықтарды қарауға енді ғана мүмкіндік туғанын жеткізді. Ол өз сөзінде:

«Екі күн қонақ күттім. Сыйлықтарды ашатын уақыт болған жоқ, енді ғана қолым тиді», – деп атап өтті.

Қуанышты сәтімен бөліскен актриса жиналған қауымға ризашылығын білдіріп, былай деді:

 «Барлығыздың ниеттеріңізге, сыйлықтарыңызға, көңілдеріңізге, уақыт бөлгендеріңізге алғысым шексіз. Рақмет, осындай қуаныш баршаңызға жұғысты болсын».

Қонақтар жаңа қоныс иелеріне тұрмыстық қажеттілікке арналған ыдыс-аяқтар, ас үй тақтайлары, ұлттық нақыштағы астау мен түрлі жамылғылар тарту еткен. Сонымен қатар актриса Қатар, Хайнань және Швейцария сияқты шет елдерден арнайы әкелінген термос, шай және кофе жинақтарына ерекше тоқталды. Әнші Гүлнұр Оразымбетова ашықхат арқылы ақ тілегін білдіріп, үй иесіне үйге киюге арналған киім сыйлаған. Сондай-ақ отбасының кенже қызы Рабияға да қонақтар тарапынан киімдер мен ақшалай сыйлықтар берілді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар