Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Әйелін пышақтап өлтіріп, артынша өзі асылып қалған»: Ақтөбедегі жантүршігерлік оқиғаға қатысты жаңа дерек шықты

19:12, 03 наурыз 2026

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ерлі-зайыптының өліміне қатысты іс қаралды. Сотталушының қайтыс болуына байланысты қылмыстық қудалау тоқтатылды, деп хабарлайды Alash.kz.

Іс материалдарына сәйкес, оқиға 2025 жылдың 20 қарашасында басталған. Аманжол Алмағанбетов азық-түлік алуға бара жатқанын айтып, әйелін көлікке мінгізіп, үйінен алып кеткен. Алайда жол бойында ерлі-зайыптының арасында жанжал туындап, ер адам көлікті тоқтатқан. Ол көліктің артқы орындығында отырған әйеліне асхана пышағымен бірнеше рет соққы беріп, оны оқиға орнында өлтірген.

Қылмысты жасағаннан кейін А. Алмағанбетов мал базарынан арқан сатып алып, жақын маңдағы өндірістік цехтардың бірінде өз-өзіне қол жұмсаған. Бұған дейін ерлі-зайыптылар із-түзсіз кеткендер ретінде іздестіріліп, кейін олардың мәйіттері табылған болатын.

Сотта бұл іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі (Кісі өлтіру) бойынша қаралды. Алайда айыпталушының қайтыс болуына байланысты, Қылмыстық-процестік кодекстің 35-бабы 1-бөлігі 11-тармағы негізінде іс жүргізу тоқтатылды. Қазіргі уақытта сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар