Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бір үйде екі жаназа: Ақтауда әкесі мен баласы суға батып кетті

11:10, 11 маусым 2024 2078

Ақтауда әкелі-балалы суға батып кетті, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Оқиға 9 маусым күні болғаны хабарланған. Маңғыстау облыстық ТЖД мәліметінше марқұм болған 21 жастағы жігіт жағадан 130 метр қашықта табылды.

Құтқарушыларға "Шора" су арнасында адам суға батып кеткені туралы ақпарат түскен.
Оқиға орнынан 1981 жылы туған, суға батып бара жатқан ер адамды құтқарылды. Алайда оның 2003 жылғы ұлы суға батып, мерт болған.

Құтқарушылар оларды 130 метр қашықтан, 2,5 метр тереңдіктен тапты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар