Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Бір үйден екі мәйіт табылды»: ШҚО-да жантүршігерлік оқиға орын алды

17:00, 27 тамыз 2026

Шығыс Қазақстан облысында отбасылық жанжалдың соңы екі адамның өлімімен аяқталды, деп хабарлайды Alash.kz.

Күршім ауылында 31 жастағы әйел мен 36 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Полицияның алдын ала тарартқан мәліметіне сәйкес, бірге тұратын ер адам мас күйінде әйелге ауыр дене жарақатын салған. Алған жарақаттарының салдарынан келіншек оқиға орнында көз жұмды.

Осыдан кейін ер адам өзіне қол жұмсап, ол да мерт болған. Қазіргі уақытта аталған қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық істер қозғалып, полиция департаменті оқиғаның барлық мән-жайын анықтау бойынша тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар