Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бір топ бойжеткен қызды аяусыз соққыға жығып, видеоға түсірген

09:35, 27 қаңтар 2025 904

Желіде қызды құрбыларымен аяусыз соққыға жыққан студенттің видеосы тарады. Полицейлер олардың кім екенін анықтады, - деп хабарлайды Alash.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Кадрларда бір қыздың диванда отырған екінші қыздың бетінен жұдырықпен ұрғанын, содан кейін тепкенін көруге болады. Бөлмеде мұны бақылап тұрған тағы бірнеше қыз бар, олардың тек біреуі ғана ашуға мінген құрбысын тоқтатуға әрекет жасағандай болады.

Енді бір эпизодта эпизодта қыз жәбірленушіні еденге құлатып, тағы бірнеше соққы береді.

Видеоның Павлодарда түсірілгені белгілі болды.

"Бәрінің жеке басы анықталып, оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр", - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаменті.

Расталмаған ақпарат бойынша, видеодағы қыздардың жергілікті колледждің кәмелетке толмаған студенттері екені айтылады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар