Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бір отбасыдағы төрт өлім: Қатарынан 2 сәби қайтыс болды - полиция тергеуде

08:51, 09 маусым 2025 502

Агстафа ауданында бала өлімі тіркелді, деп хабарлайды ALASH.KZ.

АПА агенттігінің хабарлауынша, қайғылы оқиға Гырылы ауылында болған.

2024 жылы туған Н. Исмайылова ауыр жағдайда Агстафа орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.

Алайда тексеру кезінде дәрігерлер оның көз жұмғанын анықтады. Қазіргі уақытта өлім себебі нақтыланбаған.

Айта кетейік, өткен жылдың тамыз айында дәл осы отбасында тағы бір бала — 2022 жылы туған Г. Исмайылзаде қайтыс болған.

Ол да ауруханаға тырысу (судорога) белгілерімен жеткізілгенімен, дәрігерлер оның қаза тапқанын тіркеген.

2024 жылдың қыркүйегінде бұл отбасы тағы бір қайғылы жағдаймен жұрт назарына іліккен еді: 8 қыркүйекте марқұм балалардың атасы мен әжесі — 1965 жылы туған Физули Исмайылов пен 1967 жылы туған Хатира Исмайылова жүзім теру кезінде қоршау құлап кетіп, соның салдарынан көз жұмған болатын.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар