Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Бір апта нәр татқан жоқ». Әли Оқаповтың жары күйеуінің қысым көргенін айтып, тағы мұңайды (ВИДЕО)

13:27, 21 ақпан 2025 139

Әнші Ақерке Бүркітбай журналист Тимур Балымбетовке берген сұхбатында жолдасы Әли Оқпаовтың «Құрмет» орденін алған кезде қандай буллингке тап болғанын айтып берді, деп хабарлайды  Alash.kz ұлттық порталы Azattyq Rýhy-на сілтеп. 

«Оны суретке түсіріп салған мен едім. Екінші күні шу басталды. Кореяда осындай шудан көп әртіс өздеріне қол жұмсап жатыр. Әлидің сол кездегі ішкі жағдайында қандай арпалыс болғанын біз сырттай көрдік. Барынша қолдауға тырыстық. Өте қиын кезең болды. Оны да жеңіл көретін адамдар болуы мүмкін. Оның ішінде анамыздың атына да өте ауыр сөз келді. Халық әртісі болмаса да, ешбір ана өзінің баласы үшін ондай сөз естімеуі керек», - деді Ақерке Бүркітбай.

Ол атағандай, осы жағдайда Роза Рымбаева ешбір теріс сөз естуге лайық емес еді.

«Әли бір апта нәр татпады. Көз алдымызда солып, өртеніп бара жатқандай болды. Анамыз үйіне шақырып жүрді», - деді ол.

Еске салсақ, 2023 жылы әнші Әли Оқаповтың «Құрмет» орденін алған соң қоғамда резонанс туып, кейін ол марапат пен өзге сыйлығын продюсеріне қайтарып берді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар