Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Бір апта бұрын жоғалған». Қайғылы хабар: Ертіс өзенінен адам денесі табылды

10:46, 21 қыркүйек 2026

Ертіс өзенінде алюминий қайық аударылғаннан кейін жоғалып кеткен азаматтың денесі табылып, іздеу-құтқару жұмыстары ресми түрде аяқталды, деп хабарлайды Alash.kz.

Қайғылы жағдай 12 қыркүйекте орын алған еді. Сол күні су айдынында ішінде бес адамы бар алюминий қайық аударылып кеткен болатын. Оқиға салдарынан төрт адам жағаға өз күшімен шыға алса, 1983 жылы туған ер адам суға батып, хабар-ошарсыз кеткен. Жоғалған азаматты табу мақсатында арнайы жедел штаб құрылып, іздеу шараларына ТЖД құтқарушыларымен бірге оның жақындары мен еріктілер де жұмылдырылды. Нәтижесінде марқұмның денесі оқиға орын алған аумақтан шамамен 4 шақырым жерден табылды.

«Іздеу барысында құтқарушылар Ертістің оң және сол жағалауы бойынша ағыс бойымен төмен де, жоғары да 272 шақырым жерді жүріп өтті. Сүңгуірлер 28 рет суға түсті. Алты жердегі суға құлаған ағаштар арасын тексеріп, эхолоттың көмегімен өзен түбі зерттелді. Сонымен қатар оң жағалаудың 93 шақырымы жаяу тексерілді», — деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаменті.

Осы оқиғадан кейін құтқарушылар тұрғындарға су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды тағы бір мәрте ескертті. Мамандар суға шыққанда міндетті түрде құтқару кеудешесін киіп, ауа райы қолайсыз болған кезде қайықпен жүзуден бас тартуға шақырады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар