Ұлттық біріңғай тестілеуден 140 баллдың 140-ында жинаған ауыл баласы Қазақстан бойынша рекорд жасады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Оқушының аты-жөні Еңсебек Жаннұр. Ол Алматы облысы, Талғар ауданы, Қарабұлақ ауылының №22 жалпы білім беретін орта мектебі түлегі.
Қарапайым орта мектептің түлегі рекордтық нәтиже көрсетіп отыр.
Бұған дейін жаңаөзендік Абзал Оңғарбаев 139 балл жинап, ең үздік нәтиже көрсеткен еді.
Кентаулық түлек Айдос Қожанов та ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары нәтижеге қол жеткізіп, 138 бал жинаған.