Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Билік алғаш рет Ресейге Украинамен соғысу үшін әскер жібергенін мойындады

10:30, 28 сәуір 2025 1473

28 сәуір, дүйсенбі күні Солтүстік Корея алғаш рет ресми түрде өз әскерлерін Украинаға қарсы соғысқа қатысу үшін Ресейге жібергенін растады, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Бұл туралы Yonhap агенттігіне сілтеме жасап Кореяның Орталық телеграф агенттігі (ЦТАК) хабарлады.

Хабарламада әскерлерді жіберу КХДР басшысы Ким Чен Ынның “бұйрығы бойынша” Пхеньян мен Мәскеу арасындағы өзара қорғаныс туралы келісімге сәйкес жүзеге асырылғаны түсіндірілген.

ЦТАК мәліметінше, бұл — Солтүстік Корея әскерлерінің Ресейге жіберілгені туралы алғашқы ресми ақпарат.

Бұған дейін бірнеше ай бұрын КХДР-дың мыңдаған әскері Курск облысына жіберілген болатын. Сондай-ақ хабарламада ұлттық қарулы күштердің бөлімшелері солтүстіккореялық көшбасшының “бұйрығы бойынша” операцияға қатысқаны нақтыланады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар