Мемлекет басшысы ұлттық киім қазақ болмысының маңызды бөлігі екенін атап өтіп, оны дәріптеудің маңызына тоқталды. Сондай-ақ дәстүрлі киімнің құндылығын бет-жүзді тұмшалайтын қара киімнен жоғары қою қажет екенін жеткізді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
“Бет-жүзді тұмшалайтын қара киімнен гөрі өзіміздің ұлттық киімдеріміз әлдеқайда артық. Әсіресе, әйелдердің дәстүрлі киімі өте ғажап көрінеді. Себебі ұлттық киім бұл – біздің бірегей ұлттық болмысымыздың маңызды көрінісі. Оны жан-жақты дәріптеуіміз керек”, - деді Президент.