Талдықорған қаласының төртінші шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде бір жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Alash.kz.
Жарақат алған бүлдіршінді көшеде келе жатқан тұрғындар байқап, бірден медициналық жедел жәрдем қызметін шақырған. Дәрігерлер қазіргі уақытта хал үстінде жатқан кішкентай пациенттің өмірін сақтап қалу үшін барын салуда.
Құзырлы органдар осы оқиғаға байланысты арнайы тергеу амалдарын бастады. Мамандар қайғылы жағдайдың қалай және қандай себептермен орын алғанын анықтап жатыр.