Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бесінші алтын: Азия ойындарында аралас жекпе-жек шебері Еркінғали Бүркіталин чемпион атанды (ВИДЕО)

12:19, 22 қыркүйек 2026

Жапонияның Аичи мен Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азия ойындарында дәстүрлі аралас жекпе-жектен Қазақстан құрамасының өкілі Еркінғали Бүркіталин жеңіске жетіп, ел қоржынына алтын жүлде салды, деп хабарлайды Alash.kz.

Қазақстандық файтер 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бағын сынап, жоғары шеберлік танытты. Шалқар тартыста ол финалға дейін сүрінбей жетіп, чемпиондық атақты сарапқа салды.

Шешуші ақтық бәсекеде Еркінғали Бүркіталин Бахрейн спортшысы Мухаммад Набиевпен кездесіп, қарсыласын 3:0 есебімен айқын басымдықпен тізе бүктірді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар