Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Белсенді Алмасбек Садырбайға қатысты тағы да бір қылмыстық іс қозғалды

15:00, 28 мамыр 2025 888

Алмасбек Садырбайға қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ALASH.KZ.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов «Шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Алмасбек Садырбайдың ісі неге арнайы прокуратураға берілгенін түсіндірді.

— Қылмыстық істі қай орган тергейтіні туралы шешімді уәкілетті орган ретінде прокуратура қабылдайды. Алмасбек Садырбайға қатысты бұған дейін де басқа қылмыстық істер болған. Сондықтан біздің қылмыстық іс солармен біріктірілді. Мемлекеттік органдар бір адамға қатысты бірнеше істі жеке-жеке тергемейді ғой. Барлық іс бір органда тергелуі үшін, біздің іс сол жаққа беріліп, қазіргі уақытта солардың қарауында. Іс бізде болғанда Қылмыстық кодекстің 189-бабы қолданылды. Ал прокуратура қандай бап қолдануда – ол жағы маған беймәлім, – деді Жеңіс Елемесов Мәжіліс кулуарында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар