Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Белгілі кәсіпкер Нұрлан Смағұлов Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовқа автокөлік сыйлаймын деп мәлімдеді

15:35, 14 наурыз 2026

Белгілі кәсіпкер, Astana Motors компаниясының негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовқа автокөлік сыйлайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Alash.kz хабарлады.

Кәсіпкердің айтуынша, оның компаниясы параспортты қолдауды жалғастыра береді.

«Қазақстан құрамасын және Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтаймын! Astana Motors құрамындағы Chery Kazakhstan Ұлттық Паралимпиада комитетінің ресми серіктесі болғанын мақтан тұтамыз. Біз елдегі параспорттың дамуына қолдау көрсетуді жалғастырамыз. Ерболдың Chery Tiggo 7 көлігін тест-драйвқа алғанын білемін, сондықтан осы автокөлікті оған сыйлауға қуаныштымын», – деді Нұрлан Смағұлов.

Сыйлық чемпион Қазақстанға оралғаннан кейін табысталады.

Еске салайық, 13 наурыз күні Ербол Хамитов Милан қаласында өткен қысқы Паралимпиада ойындарында пара биатлон жарысынан алтын медаль жеңіп алған. Бұған дейін ол пара шаңғы жарысында қола медаль иеленген еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар