Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Белгілі блогер Данияр Дарабоз Қапшағай жағажайына келуге тыйым салды (видео)

11:41, 25 шілде 2024 828

Елімізде 1 маусымнан бастап суға түсіп қайтыс болғандардың саны өсуде,cоған орай белгілі блогер Данияр Дарабоз өз үлесін қосып, демалушыларға түнгі уақытта судан аулақ болуға шақырды, деп хабарлайды Alash.kz тілшісі.



Қапшағай су қоймасының қалалық жағажайларында кезекті түнгі рейдтік іс-шаралар өткізілуде.

Рейдтің барысында демалушыларға жадынамалар тапсыра отырып, судағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Сондай-ақ, қалалық жағажайларды патрульдеу кезінде су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзушылар анықталды.

ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабына сәйкес түнгі уақытта суға шомылатын азаматтарға су айдындарында жүріс-тұрыс ережелерін бұзғаны үшін 16 әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл жұмыс жалғасады.

Азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін бұзбауға шақырамыз! – деп жазды ТЖМ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар