Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

BBC,CNN-ге танылған ақтаулық танымал блогер түрмеге қамалды

19:30, 28 мамыр 2025 373

Ақтаулық танымал блогер Азамат Сәрсенбаев 20 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы ол 28 мамыр күні өзі мәлімдеді, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Сәрсенбаевтың айтуынша, оны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабы бойынша — Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті жала жапты деп айыптап, соттаған.

Ол бұл сот шешімін әділетсіз деп санап, болған оқиғаны «бассыздық» деп атады.

«Судьяның шешімімен мені 20 тәулікке жапты. Апелляцияға дейін арнайы қабылдау орнына кетіп барамын. Бұл – прецедент. Орындаушы билікке қарсы пікір айтқан кез келген адам түрмеге түсуі мүмкін», — деді блогер.

Ол және оның қорғаушылары сот шешіміне шағымданбақ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар