Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Байжановты аямаңыздар, ол да мәйітті мазақ етіп, қойылым қойды - Нүкенованың ағасы

14:55, 02 мамыр 2024 1066

Сот жарыссөзінде марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді алқабилерге ескерту жасады, деп хабарлайды Alash.kz.

8 қараша күні Нүкенова Бишімбаевпен ажырасқысы келген. Бұл туралы оның ағасы Айтбек Амангелді баяндады. 

Бақытжан Байжановты көпшілік аяп жатыр, бірақ алданбасаңыздар екен. Олар екеуі бірге менің қарындасымды аяусыз өлтірді. Онымен қоймай Салтанаттың суып қалған денесіне реанимациялық процедураларды жасап, келеке еткен. Олар Салтанаттың өліп қалғанын біле тұра, қойылым қойып, мәйітін мазақ етті. Бұл әрекетін көмектесті деп ақтауға келмейді. Осы әрекеттері менің ашуымды туғызды, - дейді Айтбек Амангелді.

Сондай-ақ жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Уразбахова осы сәтке қатысты көзқарасын айтты.

Байжанов жедел жәрдемге хабарласқанда ар жағында тұрған Бишімбаев "Салта, Салта, өліп қалды ма" деп айқалғанын естідік. Алайда, бұл да Бишімбаевтың жоспарының бір бөлігі еді. Оның қорғаушылары осы сәтке назар аударуымызды сұрап, қайта-қайта атап өткені белгілі. Себебі, бұл сәт туралы Бишімбаевтың өзі адвокаттарына айтқан, - дейді Жанна Уразбахова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар