Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Бауыр одағын нығайта береміз". Өзбек басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Өзбекстанның ең жоғарғы марапатын табыстады

16:27, 15 қараша 2025 131

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Өзбекстанның ең жоғары мемлекеттік наградасы табысталды, - деп хабарлайды Alash.kz порталы.

Президент Шавкат Мирзиёев Мемлекет басшысын "Олий Даражали Дустлик" ("Жоғары дәрежелі достық") орденімен марапаттады.

 

"Бұл жоғары награда достық, бейбітшілік және құрмет секілді қазақстандықтардың жанына жақын құндылықтарды әрі сонымен үндес өзбек халқының рухын айшықтайды. Орденнің атауы елдеріміз арасындағы қарым-қатынастың мазмұнын дәлме-дәл сипаттайды. Қазақстан мен Өзбекстанның достығы – баға жетпес байлығымыз. Біз оны көзіміздің қарашығындай сақтап, бауырлас халықтардың игілігі үшін өркендетеміз. Бірлескен қажыр-қайраттың арқасында қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын ұдайы жаңа мазмұнмен байыта береміз деп сенемін. Ұлы Абай мен Науаи достықтың озық үлгісін дәріптеп, өзара сенім халықтардың татулығын нығайтатынын, бір-біріне құрмет оны шыңдай түсетінін насихат етті. Осы өсиетке сүйеніп, біз Өзбекстанмен бауырластық одақты нығайтуға баса мән береміз", – деді Мемлекет басшысы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар