Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Батыс Қазақстан облысында «дрон жарылысы» болғаны туралы хабарланды

16:46, 23 қазан 2025 190

Бұл жағдайға қатысты полиция түсініктеме берді, деп жазады Alash.KZ.

«Бөрлі ауданында ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтарына ұқсас заттар табылуына байланысты тексеру шаралары жүргізілуде. Нысан елді мекен аумағынан тыс жерден табылды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда».

Фото мен видеоны жергілікті тұрғындар түсірген.

ℹ️Қорғаныс министрлігі БҚО-дағы дронның құлауына байланысты мәлімдеме жасады.

Қорғаныс министрлігі әуе кеңістігін бақылауды күшейту және әуе нысандарының мемлекеттік шекараны рұқсатсыз кесіп өтуін болдырмау мақсатында қосымша шаралар қабылдағанын мәлімдеді. 

— Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында белгісіз ұшқышсыз ұшу аппаратының жарылысы тіркелді. Оның қалдықтары елді мекендерден алшақ аймақта табылды. Зардап шеккендер мен материалдық шығын тіркелген жоқ, — делінген Қорғаныс министрлігі хабарламасында.

Уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, оқиғаның мән-жайын және нысанның шығу тегін анықтауға бағытталған тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар