Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Батыс Қазақстанда шетелдік әйелге жай түсті. Қонақтың оқиға орнында демі үзілді

14:03, 10 шілде 2024 483

Батыс Қазақстанда демалып жатқан Ресей азаматының үстіне жай түсті. Елге келген қонақ жедел жәрдем қызметі жеткенше көз жұмған, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Батыс Қазақстанға түскен найзағайдан жағалауда дем алып жатқан әйел қаза тапты. 
Марқұмның 40 жастағы Ресей азаматы екені анықталды. Қазір қайғылы жайттың нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Қайғылы жағдай Теректі ауданы, Шалқар өзенінің маңында болған. Өңірде алдымен дауыл тұрып, бұршақ аралас жаңбыр жауған. Артынша найзағай түсіп, кесірінен тұзды көлге демалуға келген ресейлік келіншек есінен танып құлаған.

Куәгерлердің айтуынша, ол жедел жәрдем қызметі жеткенше қайтыс болған.
Сонымен қатар жауын-шашынның кесірінен бірқатар аудандарда жарық өшті. Облыс орталығының көп бөлігі сусыз қалды.

Табиғаттың тосын мінезінен үйлердің шатыры ұшып, көшелерді су басқан. Үзілген электр сымдары мен бүлінген ғимараттар қалпына келтірілді.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар