Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Батыс Қазақстанда бір ауылдың үш қызы суға батып кетті

09:44, 17 шілде 2024 662

Батыс Қазақстан облысында бір ауылдың  үш қызы суретке түсеміз деп суға батып кеткен, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Ақжайық ауданые, Мерген ауылында 2010, 2011 жылы туған жасөспірім қыздар судан ажал құшты. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, жасөспірім қыздар су жағасында суретке түсеміз де келеміз деп уәде берген.  Кейіннен қыздарын ұзақ күткен ата-анасы Жайық өзенінің бойынан олардың велосипеді мен киімін тауып алған. Бірден жанұшырып, құтқарушыларды шақырған.

Жайық өзенінен белгіленбеген жерде суға шомылу кезінде суға батып кеткен үш кәмелет жасына толмаған қыз баланың денесі табылған болатын. Үшеуі үш үйдің балалары. 2010, 2011 жылы туған жасөспірім қыздар. Үшеуі бір ауылдікі, бір мектептің оқушылары, деді ТЖД өкілі Райымбек ШАМАКОВ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар