Башқұртстан бас көтерді. "Ресейден бөлінеміз!"
09:47, 01 наурыз 2023
222
«Өткен жылы әлемде ұлы, батыр халық пайда болды. Ол – Украина халқы», - дейді Башқұрт ұлттық саяси орталығының жетекшісі Руслан Габбасов.
Оның айтуынша, Украина халқы Ресей басқыншылығынан тек өздерін ғана құтқарып қойған жоқ, олар өзге де боданға түскен халықтардың бойына күш-жігер дарытты.
«Осыдан жыл бұрын «орыс әлемі» өлім дәнін себуші, зұлымдық пен қанпезерліктің нақ көрсеткіші екенін дәлелдеп берді. «Орыс әлемінде» бізді тек қана өлім күтіп тұр. Оның өздері көрсетіп отыр», - дейді ол. Башқұрт ұлттық қозғалысының жетекшісінің сөзінше, соғыс басталғаннан бері Башқұртстан өз тәуелсіздігі үшін күресу керек екенін, Ресейден жолын айыру керек екенін түсінді.
«Енді империямен жолымыз бөлек. Башқұрт ұлттық қозғалысы саналы түрде Башқұртстанның тәуелсіздігін таңдады. Мұндай мүмкіндікті бізге жаратушының өзі беріп отыр. Енді біз сол мүмкіндікті міндетті түрде 100 пайыз түгел пайдаланамыз», – деді Габбасов.
Республика өз тәуелсіздігі үшін күресетінін жеткізді.
Соңғы кездері Ресей Федерациясы құрамындағы Башқұртстан Республикасында азаттық алуға байланысты қозғалыстар жиі байқала бастады.
Көбірек оқу
Соңғы жаңалықтар
4 мектеп-интернатында балалар білім емес, 5 уақыт намаз оқып, діни әдебиеттер оқыған
19:08, 05 қараша 2024 844
Жетісудың шекаралық Панфилов ауданында 1200 орынды алғашқы жайлы мектеп пайдалануға берілді
16:32, 05 қараша 2024 124
Қуанышты жаңалық: Әлем әдебиетінің шедеврі тұңғыш рет қазақ тіліне аударылды
15:58, 05 қараша 2024 233